Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

VI жас өнертапқыш мектебі. Халықаралық ғылыми форум

12 сәуір, 2023

2023 жылғы 12 сәуірде Qazpatent алаңында Жас өнертапқыштың VI мектебі аясында ұйымдастырылған «Қыздар және инновациялар мен шығармашылықтың ИС – катализаторы» халықаралық ғылыми форумы өтеді.

Осы форумға дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтарының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, «Зерде» және РФММ мектептерінің, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның басқа да білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады.

Бұл бірінші ғылыми форум, оның спикерлері «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы» (ICSC) жекеменшік мекемелері ұйымдастырған түрлі халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары атанған дарынды мектеп оқушылары болады.

Қазақстандағы Ғылым күні мен Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай біз өз өмірімізге үлкен үлес қосатын және болашағымызды қалыптастыратын өз қызметінде ақыл, тапқырлық, қызығушылық пен батылдық танытатын қыздардың рөлін атап өтеміз.

Күн сайын әйелдер астрофизика, нанотехнология, медицина, жасанды интеллект және робототехника сияқты әртүрлі салаларда жаңа өнертабыстар мен әзірлемелер жасап, әлем туралы біліміміздің шекарасын кеңейтеді.

Осы ғылыми форумға қатысушылар мен олардың жобалары ғылымның түрлі салаларының жас өкілдері бір күні елімізді әлемдік аренада дәріптейді және жаһандық ғылыми қоғамдастықтың дамуына үлес қосады деген үміт ұялатады.

Өткізу форматы: гибридті

Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А, Конференц зал (1 қабат)

Бағдарлама

Zoom конференциясына қосылыңыз
https://us06web.zoom.us/j/82070442220?pwd=YkEwcW5kVHh4MGNUUnN0YUVEakxqdz09

Конференция идентификаторы: 820 7044 2220

Кіру коды: 8Sqh51