Ұлттық зияткерлік меншік институты
Жыл сайын 26 сәуірде біз халықаралық зияткерлік меншік күнін (ЗМ) атап өтеміз.
QAZPATENT биыл Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) ЗМ күнін атап өту тақырыбын жариялағанын қуана хабарлайды: әйелдер және инновация мен шығармашылықтың катализаторы.
2023 жылғы халықаралық ЗМ күні – бұл бүкіл әлемдегі барлық талантты әйелдерге құрмет көрсету мүмкіндігі.
Көптеген ұрпақтар бойы әйелдердің тапқырлығы мен шығармашылығы біз өмір сүріп жатқан әлемнің келбетін қалыптастырды. Әйелдер жаңа мүмкіндіктер жасайды және өз таланттарын жүзеге асырады.
Әлемнің барлық бөліктеріндегі әйелдер революциялық ғылыми жаңалықтар ашады, шығармашылық қызмет бағытын белгілейді, бизнеспен айналысады және әлемді өзгертеді.
Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық әйелдер мен қыздарға өздерінің шығармашылық және өнертапқыштық қабілеттерін ЗМ-ге сүйене отырып және одан пайда алу арқылы кедергісіз жүзеге асыруды тілейміз.
ЗМ жақсы түсіну сіздің стартаптың бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады. Сондықтан ДЗМҰ академиясы кәсіпкерлер үшін арнайы әзірленген курстардан өтуді ұсынады.
ЗМ экожүйеге қош келдіңіз!
https://welc.wipo.int/index.php?lang=ru
#WorldIPDay