Ұлттық зияткерлік меншік институты
9 наурызда Qazpatent Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері мен кәсіпкерлеріне арналған оқыту вебинарын өткізді.
Qazpatent сарапшылары тауар белгілерін құқықтық қорғау, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары мен географиялық көрсеткіштер, сондай-ақ өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелерін қамтыды.
Вебинарға қатысушыларды тауар таңбасын тіркеу, географиялық көрсеткіштерді тіркеудің артықшылықтары, қорғау құжаттарының қолданылу мерзімдері, сондай-ақ өнертабыстардың пайдалы модельдерден айырмашылығы мәселелері қызықтырды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.