Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Ербол Оспанов USPTO директоры Кэтрин Видалмен кездесті

07 наурыз, 2023

2023 жылғы 7 наурызда Қазпатент директоры Ербол Оспанов пен АҚШ патенттер және тауар белгілері жөніндегі ведомствосының (USPTO) директоры Кэтрин Видал арасында кездесу өтті. Кездесу USPTO-ның тәлімгерлік, инклюзивтілік және онымен байланысты тақырыптар бойынша бірінші конференциясы аясында өтті.

Кездесу барысында тараптар түрлі салаларда тәжірибе алмасу, оқыту жобаларына өзара қатысу және ықтимал бірлескен ынтымақтастықтар саласындағы әріптестік қатынастарды нығайтуды жалғастыруға ұмтылыстарын білдірді.

Ербол Оспанов Қазақстандағы американдық бизнес-қауымдастықтар үшін зияткерлік меншіктің өзекті мәселелері бойынша кездесулер мен консультациялар ұйымдастыру үшін Қазпатенттің диалог алаңын пайдалануды ұсынды. 

Айта кетейік, Қазпатент пен АҚШ Патенттер мен тауар таңбалары бойынша ведомство екіжақты ынтымақтастық бойынша өзара түсінушілік туралы меморандумға 2016 жылғы 8 желтоқсанда қол қойылды.