Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

WIPO 2023 жаһандық байқаулар бағдарламасы

01 ақпан, 2023

Ақпанның 2-інде Qazpatent «Qolday» кәсіпкерлік орталығының кәсіпкерлері үшін 2023 жылғы WIPO шағын және орта кәсіпкерлер арасында жаһандық байқауға қатысу бойынша мастер-класс өткізді.
WIPO байқауға зияткерлік меншік құқықтарын бизнес мақсаттарына жету үшін ұтымды пайдаланатын, сондай-ақ қоғам игілігі үшін инновациялар мен шығармашылығын пайдаланатын ерекше ШОБ, креаторларды, өнертапқыштарды және дизайнерлерді қатысуға шақырады.
Байқау а.ж. 16 қаңтарынан 31 наурызына дейін өткізіледі.
Байқауға WIPO-ға мүше 193 мемлекеттен ШОБ қатыса алады. Дүниежүзілік Банктің анықтамасына сәйкес, ШОБ-қа «штаттық саны 300 қызметкерге дейін және жылдық жалпы сатылымы 15 миллион АҚШ долларына дейінгі кәсіпорындар» кіреді.
Қатысу үшін сілтеме бойынша өту керек: https://www.wipo.int/global-awards/ru/2023/index.html#process