Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Қазақстан Республикасының Әділет Министрілігімен бірлесіп оқыту вебинарын өткізді

09 желтоқсан, 2022

9 желтоқсанда Qazpatent Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Күйшілер Одағы үшін оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сарапшылары авторлық құқықтарды, өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы модельдерді құқықтық қорғау мәселелерін қарастырып, зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерді қозғады.

Вебинарға қатысушыларды авторлық құқықты тіркеу рәсімі, қызметтердің құны, мемлекеттік тізілімдерге мәліметтерді енгізу мерзімдері, сондай-ақ құқықтарды қорғау тәртібі мәселелері қызықтырды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.