Өтінім берушілердің/құқық иеленушілердің, патенттік сенім білдірілген өкілдердің және барлық мүдделі тұлғалардың назарына!
ҚазПАТЕНТ көрсететін қызметтер үшін бағадағы кейбір өзгерістер туралы хабарлаймыз.
1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімдерді электрондық форматта бергені үшін жеңілдіктер жойылады.
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап "ШОБ субъектілерін қоспағанда, тауар белгісін, ұжымдық тауар белгісін, жалпыға мәлім тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту және ұзарту туралы мәліметтерді жариялау" қызметі үшін баға 97144,32 теңге мөлшерінде белгіленеді.
Тариф шет елдердің тәжірибесі мен халықаралық тәжірибені (ЭЫДҰ және Еуразия елдері) ескере отырып белгіленген.
Бұл ретте ШОБ субъектілері үшін осы қызметті төлеу кезінде жеңілдік қолданылады
01.01.2021 жылдан 31.12.2021 жылға дейін - 50%,
01.01.2022 жылдан бастап 31.12.2022 дейін – белгіленген бағадан 25% ,
01.01.2023 жылдан бастап жеңілдік жойылады.
"ШОБ субъектілерін қоспағанда, тауар белгісінің, ұжымдық тауар белгісінің, жалпыға мәлім тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің қолданылу мерзімдерін ұзартқаны және ұзарту туралы мәліметтерді жариялағаны үшін 3-тен жоғары ТҚХК әрбір сыныбы үшін қосымша" қызметінің бағасы ШОБ субъектілері үшін 2021 жылға (50%) және 2022 жылға (25%) көзделген ұқсас жеңілдіктермен 16993,76 теңге мөлшерінде белгіленеді, 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап жеңілдік жойылады.
* Өзгерістер уәкілетті органның келісімі бойынша ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК директорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 254нқ бұйрығына сәйкес енгізілді.