Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Qazpatent өкілдері аумақтық әділет органдарымен онлайн кездесу өткізді

24 мамыр, 2022

2022 жылдың 24 мамырында Qazpatent өкілдері онлайн режимде Қазақстанда ТИҚО дамыту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органдарының зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі барлық бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасымен жоба бойынша ақпарат, әзірленген буклет ұсынылды, өңірлерде ТИҚО ашу үшін негізгі шарттар аталды, сондай-ақ бүгінгі күні ТИҚО келісімдері туралы ақпарат ұсынылды.

Халықаралық ЗМ күніне орай ұйымдастырылған IP форум шеңберінде ЗМ объектілерін, оның ішінде ТИҚО бойынша тіркеу вебинарлар сериясы өткізілгені атап өтілді.

ТИҚО желісін дамыту жөніндегі бастаманы бірқатар жоғары оқу орындары қолдады.

  1. Келісімдерге қол қойылды:
  2. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
  3. Қазақстан-Британ техникалық университеті;
  4. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  5. Назарбаев Университеті;
  6. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
  7. "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті;
  8. "Ғылым қоры" АҚ;

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;.

Қызығушылық танытып, келіссөздер жүргізілуде:

  1. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  2. Ж.Әбішев атындағы химико-металлургиялық институт;
  3. "Семей медицина университеті"КЕАҚ

Ағымдағы жылдың II тоқсанының соңына дейін өңірлік жоғары оқу орындарымен вебинарлар арқылы түсіндіру жұмыстары жоспарланған.

2022 жылдың IV тоқсанында Қазақстан ТИҚО үйлестірушілерінің форумын ұйымдастыру жоспарлануда, онда жыл қорытындысы шығарылып, ТИҚО белсенділері атап өтіледі.