National Institute of Intellectual Property
2022 жылдың 24 мамырында Qazpatent өкілдері онлайн режимде Қазақстанда ТИҚО дамыту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органдарының зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі барлық бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасымен жоба бойынша ақпарат, әзірленген буклет ұсынылды, өңірлерде ТИҚО ашу үшін негізгі шарттар аталды, сондай-ақ бүгінгі күні ТИҚО келісімдері туралы ақпарат ұсынылды.
Халықаралық ЗМ күніне орай ұйымдастырылған IP форум шеңберінде ЗМ объектілерін, оның ішінде ТИҚО бойынша тіркеу вебинарлар сериясы өткізілгені атап өтілді.
ТИҚО желісін дамыту жөніндегі бастаманы бірқатар жоғары оқу орындары қолдады.
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;.
Қызығушылық танытып, келіссөздер жүргізілуде:
Ағымдағы жылдың II тоқсанының соңына дейін өңірлік жоғары оқу орындарымен вебинарлар арқылы түсіндіру жұмыстары жоспарланған.
2022 жылдың IV тоқсанында Қазақстан ТИҚО үйлестірушілерінің форумын ұйымдастыру жоспарлануда, онда жыл қорытындысы шығарылып, ТИҚО белсенділері атап өтіледі.