Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Анталья қаласындағы географиялық нұсқаулар бойынша симпозиум

25 қараша, 2022

24-25 қараша аралығында Түрік патенттік ведомствосы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен, Грузия мен Әзірбайжанның патенттік ведомстволарымен бірлесіп ұйымдастырған «Ұлттық және халықаралық деңгейлерде географиялық ңұсқаулықтарды қорғау есебінен шығу тегіне негізделген сапалы өнімдерге қатысты бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында симпозиум өтті.

Қазақстанның патенттік ведомствосынан ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының орынбасары Айдын Артықова және ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаменті басқармасының басшысы Әділ Исмағұлов қатысты.

Семинар жұмысына Еуропалық патенттік ведомствоның, Венгрия, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан патенттік ведомстволарының өкілдері белсенділік танытты.

Іс-шара географиялық ңұсқаулық ретінде қорғалатын жергілікті өнім өндірушілердің көрмесінен бастау алды.

Симпозиумды Түркік патенттік ведомствосының президенті Джемиль Башпынар құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ, ДЗМҰ Өтпелі экономика және дамыған елдері бойынша бөлім директоры, профессор Хабиб Асан және Грузия Ұлттық зияткерлік меншік орталығы төрағасының орынбасары Нино Чиковани симпозиумға қатысты өз лебіздерін білдірді, Әзірбайжан Республикасы зияткерлік меншік Агенттігі басқармасының төрағасы Иманов Камран Сұлтан оглы онлайн қатысты.

Симпозиумда географиялық ңұсқаулықтарды сақтау және қорғау ерекшеліктері, оларды пайдалану, коммерцияландыру және ілгерілету бойынша табысты енгізілген тәжірибелерге қатысты мәселелер талқыланды.