Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Тауар шығарылған жердiң атауына және/немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын ұсынуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) сараптама жасау ұйымына беріледі.

Өтiнiм тауар шығарылған жердiң бiр атауына қатысты болуға тиіс және өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:

  1. өтініш берушінің атауы, сонымен бірге оның орналасқан жері;
  2. мәлiмделген белгiнi; Мәлімделген белгі жеке құқықтық қорғау мәні болып табылмайтын түрлі (нақты) белгіге көрсетуден тұруы мүмкін екендігі қосымша анықталады.
  3. тауардың түрін;

Тауар шығарылған жердiң атауы мәлімделген тауар түрін көрсеткен кезде Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктеліміне сәйкес келетін терминология пайдаланылады. Бұл ретте өтініш беруші ретінде шын мәнінде шығарылатын тауарлар, ерекше қасиеттері, сапасы, беделі немесе географиялық объектке табиғи шарттардың және (немесе) адам факторларының нәтижесінде (айрықша немесе негізінен) алынатын басқа сипаттамалары көрсетіледі.

        4.тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;

Сипаттамада басқа жерлердің ұқсас тауарларынан ерекшеленетін тауардың географиялық объектісінің атауы тіркелетін тауардың қасиеттері көрсетіледі. Сипаттама табиғи жағдайлардың және (немесе) адам факторлардың аталған жеріне тиесілі тауардың басқа сипаттамаларының, ерекше қасиеттерінің, сапасының, беделінің объективті тәуелділігін көрсетуі тиіс.

Сипаттама ақпараттық сипатта болуы тиіс, оның ішінде аталған географиялық объектте бастапқы шикізаттың, тиісті климаттық, геологиялық немесе басқа табиғи шарттардың, дәстүрлі әдіспен тауарды жасауға тиесілі адамдардың (ұжымның) болуын көрсетуі тиіс.

        5.тауар өндiрiлген жердің нұсқамасын (географиялық объектiнiң шекарасы) қамтуға тиiс.

Тауардың шыққан (өндірілген) жерін көрсеткен кезде тауардың шыққан жердің атауы ретінде танылатын атауы, географиялық объектінің шекарасы туралы мәліметтер, сондай-ақ тауардың нақты шыққан жері туралы мәліметтер көрсетіледі. Жердің шекаралары нақты және бір мағыналы белгіленуі тиіс.

Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауар өндіретіні туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы өтінімге қоса беріледі.

Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжат өтiнiмге қоса берiледi.

Өтiнiмге сараптама жасау ұйымының сараптама жүргiзу бойынша көрсететін қызметтерiне ақы төленгенiн растайтын құжат та қоса берiледi. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

Iс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, өтiнiмге сенiмхат қоса берiледi.

Өтiнiм мен оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлінде тапсырылады. Етер құжаттар басқа тiлде тапсырылса, онда өтiнiм берушi өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсыруға тиiс.

 

Тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және/немесе беру өтініші