ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ КӨПЖАҚТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ДЗМҰ БАСҚАРАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТЫЛАР 

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құратын конвенция (Стокгольм, 1967). Қазақстан ДЗМҰ-ға өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы 1993 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Декларациясын ұсыну арқылы ДЗМҰ-ға мүше болды. Аталған декларация арқылы Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құрған конвенция (Стокгольм, 1967) қосылды. Бұл ретте ДЗМҰ-ға мүше елдердің тізімінде Қазақстанның 1991 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, яғни КСРО-ның әрекет етуі тоқтатылған күннен бастап ДЗМҰ-ға мүше ел болып табылатыны көрсетілді. (шарттардың мәтіні)

Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі конвенция (Париж, 1883). Қазақстанның қосылуы ДЗМҰ-ға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Декларациясын (1993 жылғы 5 ақпанда) жіберу арқылы жүзеге асты. (шарттардың мәтіні)

Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (Мадрид, 1891). Қазақстанның қосылуы ДЗМҰ-ға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Декларациясын (1993 жылғы 5 ақпанда) жіберу арқылы жүзеге асты. (шарттардың мәтіні)

Патенттік кооперация туралы шарт - PCT (Вашингтон, 1970). Қазақстанның қосылуы ДЗМҰ-ға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Декларациясын (1993 жылғы 5 ақпанда) жіберу арқылы жүзеге асты. (шарттардың мәтіні)

Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясы (Берн, 1886). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 қарашадағы № 297-1 Заңымен, Қазақстан Республикасы үшін 1999 жылы 12 сәуірде күшіне енді.(шарттардың мәтіні)

Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі конвенция (Женева, 1971). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 54-II Заңымен өтті, Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылы 3 тамызда күшіне енді. (шарттардың мәтіні)

Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісімі (Страсбург,1971). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашадағы № 257-II Заңымен өтті, Қазақстан Республикасы үшін 2002 жылы 24 сәуірде күшіне енді.(шарттардың мәтіні)

Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісімі (Ницца, 1957). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашадағы № 258-II Заңымен өтті, Қазақстан Республикасы үшін 2002 жылы 24 сәуірде күшіне енді. (шарттардың мәтіні)

Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін депозиттеуді халықаралық тану туралы Будапешт шарты (Будапешт, 1977). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қарашадағы № 259-II Заңымен өтті, Қазақстан Республикасы үшін 2002 жылы 24 сәуірде күшіне енді. (шарттардың мәтіні)

Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесін белгiлеу туралы Локарно келісімі (Локарно, 1968). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 291-II Заңымен өтті, Қазақстан Республикасы үшін 2002 жылғы 7 қарашада күшіне енді. (шарттардың мәтіні)

Тауар таңбалары туралы заңдар туралы шарты - TLT (Женева, 1994). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 ақпандағы № 292-II Заңымен өтті, Қазақстан Республикасы үшін 2002 жылғы 7 қарашада күшіне енді.  (шарттардың мәтіні)

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының орындаушылықтар мен фонограммалар жөнiндегi шарты (Женева, 1996). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 546-II Заңымен өтті, Қазақстан Республикасы үшін 2004 жылғы 12 қарашада күшіне енді. (шарттардың мәтіні)

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі шарты (Женева, 1996). Қазақстанның қосылуы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 547-II Заңымен өтті, Қазақстан Республикасы үшін 2004 жылғы 12 қарашада күшіне енді.  (шарттардың мәтіні)

Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама (Мадрид, 1989). Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 281-IV Заңымен ратификацияланды, Қазақстан Республикасы үшін 2010 жылғы 12 қарашада күшіне енді..  (шарттардың мәтіні)

Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шарты (Найроби, 1981). Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 9 қарашадағы № 350-IV Заңымен ратификацияланды, Қазақстан Республикасы үшін 2011 жылғы 9 наурызда күшіне енді. (шарттардың мәтіні)

Патенттік құқық туралы шарт - PLT  (Женева, 2000). Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 мамырдағы № 430-IV Заңымен ратификацияланған, Қазақстан Республикасы үшін 2011 жылғы 19 қазанда күшіне енді. (шарттардың мәтіні)

Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция (Рим, 1961)Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 563-IV Заңымен ратификацияланды, Қазақстан Республикасы үшін 2012 жылғы 30 маусымда күшіне енді. (шарттардың мәтіні)

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты (Сингапур, 2006). Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 10–V Заңымен ратификацияланды, Қазақстан Республикасы үшін 2012 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. (шарттардың мәтіні)


ДЗМҰ БАСҚАРАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТЫЛАР 

Дүниежүзілік авторлық құқық туралы конвенция (Женева, 1952). Конвенция Қазақстан Республикасында халықаралық міндеттемелер мен бұрынғы КСРО шарттарының құқықтық мирасқорлығы тәртібімен қолданылады. 1992 жылғы 6 тамызда ЮНЕСКО-ның Бас директоры Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінен 1992 жылғы 16 шілдемен белгіленген хат алды. Бұл хатта 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы декларациясына сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер шарттардан туындайтын және бұрынғы КСРО-мен жасасқан келісімдер мен шарттардан туындайтын халықаралық міндеттемелерді (Конституциялық рәсімдер негізінде) орындауға міндеттенеді деген хабарлама жазылған. Демек, 1952 жылғы 6 қыркүйекте қабылданған Конвенцияның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында күшінде қалады. (шарттардың мәтіні)

Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім (Марракеш, 1994). Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімге тіркелген 1Cқосымшасы болып табылады (Марракеш, 1994).  Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі Марракеш келісіміне қосылуы туралы хаттама Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қазандағы № 356-V Заңымен ратификацияланған. (шарттардың мәтіні)