News

National Institute of Intellectual Property

Qazpatent ҚР Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін оқыту вебинарын өткізді

11 August, 2022

11 тамызда Qazpatent ҚР Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты қорғау, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау, сондай-ақ Мадрид жүйесі бойынша тауар таңбаларын халықаралық тіркеу мәселелерін қамтыды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.