Национальный институт интеллектуальной собственности
11 тамызда Qazpatent ҚР Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты қорғау, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау, сондай-ақ Мадрид жүйесі бойынша тауар таңбаларын халықаралық тіркеу мәселелерін қамтыды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.