Ұлттық зияткерлік меншік институты
2026 жылғы 25 қаңтардан бастап «Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енеді.
Көрсетілген Заңда Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Патенттік заңының (бұдан әрі - Заң) 22-бабына жаңа норманы енгізу көзделген, оған сәйкес ресми сараптама кезеңінде өнертабысқа өтінімдер бойынша мәлімделген ұсыныстың Заңның 6-бабы 3-тармағына сәйкес өнертабыс ретінде танылмайтын шешімдер қатарына жататынын тексеру жүзеге асырылатын болады.
Егер өнертабысқа өтінімге ресми сараптама жүргізу барысында мәлімделген ұсыныс Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыс ретінде танылмайтын шешімдер қатарына жататыны анықталған жағдайда, патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Мұндай тексеруді жүргізу өнертабыс ретінде танылмайтын объектілерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өтініш берушілерге мәні бойынша сараптама төлеміне байланысты негізсіз қаржылық шығындардан, сондай-ақ уақыт қорын жоғалтудың алдын алуды қамтамасыз етеді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1136146?lang=ru