Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Республикалық заң консультанттары алқасы үшін вебинар өткізді

15 қаңтар, 2026

15 қаңтар күні сағат 10:30-да Qazpatent Республикалық заң консультанттары алқасының мүшелері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, сондай-ақ тауарлардың шығарылған жерлерінің географиялық көрсеткіштері мен атаулары мәселелері қаралды.

Qazpatent алдағы уақытта кәсіби қоғамдастық өкілдері мен зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.