Ұлттық зияткерлік меншік институты
16 қаңтар күні сағат 10:30-да Qazpatent Республикалық заң консультанттары алқасының мүшелері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу мәселелері, Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу, сондай-ақ Еуразиялық патенттік конвенция шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу мәселелері қарастырылды.
Іс-шара зияткерлік меншік саласындағы мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіби даярлық деңгейін көтеруге бағытталды.
Qazpatent алдағы уақытта кәсіби қоғамдастық өкілдері мен зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.