Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Бір күндік семинар «Зияткерлік меншік: Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен толықтырулар және оларды қолдану практикасы»

12 ақпан, 2026

Құрметті қатысушылар!

Qazpatent филиалы Сізді Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, пайдалану және қорғау мәселелеріне арналған бір күндік оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинардың мақсаты - зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жүйелі түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ соңғы заңнамалық новеллалар мен құқық қолдану практикасын ескере отырып, оны қолданудың практикалық аспектілерін түсіндіру.

Семинар шеңберінде зияткерлік меншіктің негізгі объектілері, оның ішінде:

  • зияткерлік меншік ұғымы және жүйесі;
  • авторлық құқық және сабақтас құқықтар;
  • тауар белгілері және қызмет көрсету белгілері;
  • өнертабыстар мен пайдалы модельдер, патентке қабілеттілік шарттары;
  • өнеркәсіптік үлгілер.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының өзекті өзгерістеріне және оларды іс жүзінде қолдануға, оның ішінде өтінімдерді электрондық беру рәсімдерін, өтініш берушінің жеке кабинетінің жұмысын қозғайтын өзгерістерге, сондай-ақ жаңартылған талаптар мен құқық қолдану практикасын ескере отырып туындайтын қателіктерді талдауға ерекше назар аударылатын болады.

Күні: 2026 жылғы 12 ақпан

Орны: Алматы қ., Зенков к-сі, 47

Оқыту форматы-гибридті (офлайн / онлайн)

Мақсатты аудитория: мемлекеттік органдардың мамандары, инженерлер, өнертапқыштар, заңгерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, кәсіпорындар, бизнес, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ техникалық және заң мамандықтарының студенттері мен зияткерлік меншік мәселелеріне қызығушылық танытушылардың барлығы.

Семинарға тіркелу алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеліңіз: https://forms.yandex.ru/u/695f423184227c8153c84a29/

Бағдарлама

Семинарға қатысу құны - 23 821,40 теңге (ҚҚС-пен)

Теңгемен төлеу үшін банктік деректемелер:

Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БСН 020940003199

1) "Нурбанк"АҚ

ИИК KZ8584905KZ006015415

БИК NURSKZKX

КБЕ 16

КНП 859

2) "Халық Банкі" АҚ Астана өңірлік филиалы

ИИК KZ366017111000000792

БИК HSBKKZKX

КБЕ 16

КНП 859

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс тұлғаларына хабарласуларыңызды сұраймыз: Тайшева Алтынай, Әжімхан Гүлназ, +7 7714562138, +7 7027843999, +7 7172621530 телефон нөмірлері арқылы немесе a.taisheva@qazpatent.kz, g.azhimkhan@qazpatent.kz электрондық пошталары арқылы.