Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide

Астана халықаралық университетінің студенттері «ҰЗМИ» РМК-да зияткерлік меншік негіздерімен танысты

19 қараша, 2025

19 қараша күні "ҰЗМИ" РМК алаңында Астана халықаралық университетінің Маркетинг білім беру бағдарламасы бойынша оқитын үшінші курс студенттеріне арналған дәріс және экскурсия өткізілді.
Іс-шараның мақсаты студенттерді зияткерлік меншік негіздерімен, оның ішінде өнертабыстар, тауар белгілері және өзге де құқықтық қорғау объектілерімен таныстыру болды. Дәріс барысында зияткерлік меншіктің бизнесті, инновацияларды және маркетингтік қызметті дамытудағы рөлі, сондай-ақ құқықтарды қорғау мен тіркеудің практикалық маңызы түсіндірілді.
Экскурсия аясында студенттер "ҰЗМИ" РМК қызметінің негізгі бағыттарымен және зияткерлік меншік объектілерін сүйемелдеу тәжірибесімен танысты.
Іс-шараға 15 студент қатысты. Мұндай кездесулер жастардың зияткерлік меншік саласындағы білімін арттыруға және инновациялық қызметке қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.