Ұлттық зияткерлік меншік институты
11 желтоқсанда РМК «ҰЗМИ» алаңында Астана қаласының оқушыларына арналған «Менің болашағым. Менің мамандығым» кәсіби бағдар беру көрмесі өтті.
Іс-шара «International Centre of Scientific Collaborations» (ICSC), РМК «ҰЗМИ», Астана қаласы әкімдігінің ГКҚП «Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Астана Дарыны» және «YÖS Academy» орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Көрменің негізгі мақсаты 8–11 сынып оқушылары үшін заманауи мамандықтар туралы түсінік қалыптастырып, білім алу мүмкіндіктері жөнінде өзекті ақпарат беру және экономиканың түрлі салаларындағы сарапшылардың қолдауымен болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға жағдай жасау болды.
Іс-шара барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларымен танысып кәсіби даму мәселелері бойынша кеңес алды және өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Көрмеге Астана қаласынан 200-ден астам оқушы қатысты.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың ерте кәсіби бағдар алуына саналы таңдау жасауына және білім беру ұйымдары мен сарапшылық қоғамдастық арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.