Ұлттық зияткерлік меншік институты
11 желтоқсанда РМК «ҰЗМИ» алаңында «Менің болашағым. Менің мамандығым» кәсіби бағдар беру көрмесі өтеді. Іс-шара 8–11 сынып оқушыларына, сарапшылар мен білім беру ұйымдарының өкілдеріне болашақ мамандықты таңдауға арналған ашық диалог алаңын ұсынады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары «International Centre of Scientific Collaborations» (ICSC), «ҰЗМИ» РМК, Астана қаласы әкімдігінің ГКҚП «Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Астана Дарыны» және «YÖS Academy» орталығы.
Қатысушыларды білім беру мүмкіндіктерінің таныстырылымдары, мамандардың кеңестері және сұранысқа ие мамандықтармен танысу күтуде. Көрме кәсіби болашаққа саналы көзқарас қалыптастыруға және практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.