Ұлттық зияткерлік меншік институты
Зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерді жариялайтын «ФӨМИ Хабаршысы» ғылыми журналын қазақ тіліне аудару жұмыстары жалғасуда.
Қазақ тілін қоса алғанда, Еуразиялық патенттік ұйымға мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдеріне аударылған журнал нөмірлерімен мынадай ақпараттық ресурста танысуға болады: https://www.eapo.org/publications/ .
Журнал 2022 жылы Зияткерлік меншік саласындағы ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін құрылған.
Құрылтайшысы және баспагері: Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеме "Федералдық Өнеркәсіптік меншік институты" (ФӨМИ), Ресей Федерациясы.
Басылымды қазақ тіліне аудару Зияткерлік меншікті қорғау және басқару саласында озық тәжірибелерді қолдануға жәрдемдесе отырып, Қазақстан мамандары үшін ғылыми және қолданбалы ақпаратқа қол жеткізуді едәуір жеңілдетеді.