Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Зияткерлік меншік саласындағы сарапшылық қызмет туралы подкастың алғашқы шығарылымы

26 қараша, 2025

Qazpatent зияткерлік меншік саласындағы сарапшылардың жұмысына арналған алғашқы подкастын ұсынады. Алғашқы шығарылым ДЗМҰ-ның Celebrating and empowering IP examiners атты ғаламдық науқанына арналды. Науқанның мақсаты – сарапшы мамандығының танымалдылығын арттыру және сарапшылар қауымдастығының рөлін кеңінен дәріптеу.

Подкастқа ұлттық тауар белгілері, халықаралық тауар белгілері және өнеркәсіптік үлгілер бойынша сарапшылар қатысты. Қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті, сараптама күндері туралы айтып берді, саланың негізгі сын-тегеуріндері мен зияткерлік меншікті қорғау жүйесін дамытуды талқылады. Сұхбатта сарапшыларды ынталандыруға, олардың кәсіби өсуіне, сараптамалық бағалаудың маңыздылығына және білім экономикасы үшін сараптамалық қызметтің маңыздылығына қатысты тақырыптар қозғалды.
Жобаның мақсаты – сарапшы мамандығын тереңірек түсіндіру және зияткерлік меншікті кең аудитория арасында танымал ету.

Алғашқы шығарылымды мына сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/VVeu8Ll29KM
Сондай-ақ, дәл осы тақырыпқа арналған видеороликтерімізді Instagram желісінде көре аласыздар: https://www.instagram.com/reel/DQ4C5OjjcJZ/?igsh=MXVyNXk2dW90b2tpdg==

Qazpatent қоғамды сарапшылардың жұмысымен жақынырақ таныстыруға және зияткерлік меншік жүйесі туралы білімді кеңейтуге бағытталған ақпараттық материалдарды әзірлеуді жалғастырады.