Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» оқыту семинары

10 желтоқсан, 2025

Құрметті қатысушылар!

Qazpatent филиалы Сіздерді "Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау"тақырыбындағы үш күндік оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинар зияткерлік меншік саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған. Қатысушылар өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерімен, халықаралық практикамен және патенттеудің заманауи тәсілдерімен танысуға, сондай-ақ өтінімдерді дайындау мен құқықтарды қорғауда практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.

Бағдарлама шеңберінде келесі сұрақтар қаралатын болады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық келісімдер (Париж конвенциясы, Патенттік кооперация туралы Шарт, Еуразиялық патенттік конвенция);
  • өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, патентке қабілеттілік шарттары;
  • патенттік ақпаратты пайдалану және өтінімдерге сараптама жүргізу;
  • патенттік құқықтарды қорғау және Қазақстан Республикасы өнертабыстар мен пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімімен жұмыс.

Күні: 10 желтоқсан 2025 жыл

Орны: Алматы қ. Зенков к-сі, 47

Оқыту форматы – гибридті (офлайн/онлайн)

Бағдарлама

Мақсатты аудитория: инженерлер, өнертапқыштар, заңгерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, кәсіпорындар, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ техникалық және заң мамандықтарының студенттері.

Семинарға тіркелу алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуіңізді өтінеміз: https://forms.yandex.ru/u/692540f0068ff0643db7e0d0

Семинарға қатысу құны - 23000 теңге (ҚҚС-пен)

Теңгемен төлеу үшін банктік деректемелер: 

Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БСН 020940003199

1) "Нурбанк"АҚ ИИК KZ8584905KZ006015415 БИК NURSKZKX КБЕ 16 КНП 859

2) "Халық Банкі" АҚ Астана өңірлік филиалы ИИК KZ366017111000000792 БИК HSBKKZKX КБЕ 16 КНП 859

 Қосымша ақпарат алу үшін байланысатын тұлғаларға хабарласуыңызды сұраймыз: Тайшева Алтынай, Әжімхан Гүлназ, +7 771 4562138, +77172621530, + 77027843999 телефондары немесе a.taisheva@qazpatent.kz, g.azhimkhan@qazpatent.kz, электрондық пошталары арқылы.