Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Әділет органдары қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде өткен салтанатты жиналыс

30 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде кәсіби мереке - Әділет органдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Әріптестеріне құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев арнап, әділет жүйесі қызметкерлерінің заңдылықты нығайтудағы, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және еліміздің құқықтық жүйесін дамытудағы еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында үздік қызметкерлер, соның ішінде Qazpatent қызметкерлері де марапатталды.
Біздің ұжым үшін ерекше қуаныш – шығармашылық жетістіктердің мойындалуы болды: Qazpatent Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында Абайдың 180 жылдығына арналған байқауда құрметті бірінші орынды иеленді. Ұсынылған бейнеролик жоғары бағаланып, шынайы оң пікірлерге ие болды (сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DMhxttnMXjH/?igsh=ODNxb3RpZzZmMjN4).
Qazpatent өздерінің әділет органдары жүйесінің бір бөлігі екендігіне мақтанышпен қарайды және барлық әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, зор табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!