Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазақстан Республикасы әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтау

30 қыркүйек, 2025

30 қыркүйек – елімізде маңызды кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы әділет органдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл күн заңға қызмет етіп, азаматтардың құқықтарын қорғауға өз өмірін арнаған заң қауымдастығы өкілдерінің жоғары мәртебесі мен айрықша миссиясын білдіреді.

Әділет министрлігі жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Qazpatent осы күнді әріптестерімен бірге атап өтіп, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Барлық әділет органдары қызметкерлерін шын жүректен мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас жігер, жаңа жетістіктер мен амандық тілейміз. Іске деген адалдығыңыз бен кәсібилігіңіз әрқашан қоғам мен мемлекеттің тірегі бола берсін.