Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті үшін вебинар өткізді

26 қыркүйек, 2025

26 қыркүйек күні Qazpatent М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамына «Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар аясында патенттеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес өнертабыстарды патенттеу, сондай-ақ Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес өңірлік патенттеу мәселелері талқыланды.

Алдағы уақытта осындай оқыту іс-шараларын зияткерлік меншік саласына қызығушылық танытқан өзге де тараптар үшін өткізу жоспарлануда.