Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Франчайзингті дамыту және жаңа нарықтарға шығу үшін KazBrand - реалити-байқауы басталды

05 қыркүйек, 2025

Орталық Азия Франчайзинг Қауымдастығы (CAAF) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2025 жылдың 5 қыркүйегі мен 3 қарашасы аралығында KazBrand жобасын – қазақстандық бизнесті масштабтау үшін ұлттық реалити байқауын жүзеге асыруда.

Сайыстың мақсаты:

Перспективті қазақстандық брендтерді анықтау;

Франчайзингтік кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті кеңейту;

Инвестициялар мен компаниялардың жаңа нарықтарға шығуына ықпал ету;

Табысты бизнес үлгілерін танымал ету және ұлттық брендтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Байқаудың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

Бизнестің масштабтауға дайындығын бағалау;

Қатысушыларға әдістемелік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету;

Кәсіпкерлер арасында франчайзингтік үлгілерді құру дағдыларын дамыту;

Қатысушылар, сарапшылар және инвесторлар арасында іскерлік ынтымақтастық үшін жағдай жасау. 

Байқауға қосылыңыз және бизнесіңіздің мүмкіндіктерін кеңейтіңіз! 


Қатысушыларды тіркеу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://kazbrand.asia/


Толық ақпарат алу үшін

KazBrand конкурсы бойынша жауапты менеджер: +7 700 544 70 01 

Төраға Орынбасары Қалиақпаров Сейсенғали: +7 700 711 72 72

Байқаудың презентациясы