Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Ғылым қоры үшін вебинар өткізді

03 қыркүйек, 2025

3 қыркүйекте Qazpatent әртүрлі университеттердің ғалымдары мен профессорлары, сондай-ақ «Ғылым қоры» АҚ-ның грант иегерлері мен қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншікке қатысты кейбір аспектілер» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар барысында авторлық құқық, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды беруінің негізгі түрлері, сондай-ақ патенттеу саласындағы сот практикасы мәселелері талқыланды.

Алдағы уақытта осындай оқыту іс-шараларын зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін өткізу жоспарлануда.