Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent «Ғылым қоры» АҚ үшін вебинар өткізді

28 тамыз, 2025

28 тамызда Qazpatent грант алушылар, ғалымдар мен «Ғылым қоры» АҚ қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде Патенттік кооперация (РСТ) туралы шарт шеңберінде халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелері талқыланды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.