Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

«Әділет-Qazpatent»: чемпиондыққа апарар жол

15 шілде, 2025

Әділет министрлігі мен Qazpatent қызметкерлерінен құралған құрамасы Қазақстанның Әуесқой футбол лигасы ұйымдастырған турнирде сенімді жеңіске жетіп, өз лигасында құрметті бірінші орынды иеленді.

Екі айға созылған турнир әртүрлі ұйымдардың командаларын біріктіріп, тартысты да бәсекелі ойындарға ұласты. Осындай күрделі жағдайда «Әділет-Qazpatent» командасы жоғары физикалық және тактикалық дайындықты, ойын тәртібін және ұйымшыл командалық рухты көрсетті. Маусым бойындағы сенімді жеңістер – бірлескен жұмыстың, мақсаткерліктің және ортақ жетістікке ұмтылудың нәтижесі болды.

Команданың жетекші ойыншыларының бірі – Жандос Байкенов ерекше марапатқа ие болып, лиганың ең үздік қорғаушысы атанды. Оның қорғаныстағы сенімді әрі тұрақты ойыны команданың чемпиондық атаққа жетуіне зор үлес қосты.

Команда мүшелерін лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және ұйымды спорт аренасында жоғары деңгейде таныстырғандары үшін алғыс білдіреміз!