Ұлттық зияткерлік меншік институты
30 маусымда Qazpatent Әділет департаменттерінің және Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар шеңберінде өз туындысына авторлық құқықты тіркеу және тауар белгілерін, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары құқықтық қорғау мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.