Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

23 маусым - Қазақстан Республикасының патент жүйесі құрылған күн

23 маусым, 2025

Бүгін біз маңызды күнді атап өтудеміз - 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің № 806 Жарлығымен Министрлер Кабинеті жанынан Ұлттық патент ведомствосы құрылды. Осы сәттен бастап өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру басталды.

Өткен жылдар ішінде Қазақстанның патент жүйесі уақыт талабына сай дамып, инновацияны, кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты қолдап келеді.

Кәсіби мерекемен барша әріптестерді құттықтаймыз! Зор жетістіктерге, тың идеяларға және зияткерлік меншікті қорғау жолындағы табысты еңбекке толы болашақ тілейміз!