Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Астана қаласының Заң консультанттары палатасы үшін вебинар өткізді

05 маусым, 2025

5 маусымда Qazpatent Астана қаласының Заң консультанттары палатасы үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасында тауар белгісін құқықтық қорғау, Мадрид жүйесі бойынша тауар белгісін халықаралық тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, Қазақстан Республикасында және Еуразиялық жүйеде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың ерекшеліктері мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау мәселелері талқыланды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.