Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Құрметті өтінім берушілер!

26 маусым, 2025

Сіздерге өнертабысқа халықаралық өтінім беру үшін төленетін халықаралық төлемнің және 30 беттен асатын әр беті үшін төленетін қосымша төлемнің АҚШ долларындағы (USD) жаңа балама сомасы туралы хабарлаймыз.

            Төлемдердің АҚШ долларындағы (USD) жаңа балама сомасы 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап келесідей бекітіледі:

Төлем атауы

Қажетті сома

Халықаралық өтінім беру үшін төленетін халықаралық төлем


- 1 603 USD


30 беттен асатын әр беті үшін төленетін қосымша төлем
- 18 USD


Белгілі шарттарды сақтаған жағдайда, өтінім беруші-жеке тұлғалар жоғарыда аталған төлемдерді төлеуде 90% жеңілдік алуға құқылы. Жеңілдік алу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін Qazpatent немесе келесі сілтеме бойынша https: //www.wipo.int. ДЗМҰ сайтына жүгіну қажет.