Ұлттық зияткерлік меншік институты
Шарада негізгі спикер – QAZPATENT-тің бас сарапшысы Гүлбаршын Қазиева сөз сөйлейді. Кездесу барысында патент алу тәртібі, қойылатын талаптар, химия, биология және медицина салаларындағы сараптаманың қалай өтетіні, сонымен қатар өтініш берушілер жиі жіберетін қателіктер туралы мәлімет беріледі.
Кездесу соңында кофе-брейк пен пікір алмасу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, қатысушылар Founders School арқылы Сан-Францискодағы TechCrunch-ке қалай баруға болатыны жайлы ақпарат алады.
Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!