Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Халықаралық зияткерлік меншік күнін ұлттық стильдегі шығармашылық жобамен атап өтті

26 сәуір, 2025

26 сәуір – дүниежүзінде Халықаралық зияткерлік меншік күні ретінде атап өтілетін маңызды күн. Бұл күн 2000 жылы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер тарапынан бекітілген. Дәл осы күні, 1970 жылы, ДЗМҰ Конвенциясы күшіне еніп, зияткерлік меншік құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау жүйесінде маңызды рөл атқаратын ұйымның ресми қызметі басталған болатын.

2025 жылдың тақырыбы – «Зияткерлік меншік және музыка. Зияткерлік меншік ырғағын сезін» – Qazpatent ұжымын Қазақстанның музыкалық мәдениетін зияткерлік меншік призмасы арқылы жеткізуге бағытталған бірегей шығармашылық жобаны жүзеге асыруға шабыттандырды.

Ведомство қызметкерлері жыл тақырыбын ұлттық өнер арқылы ашатын флешмоб пен бейнеролик дайындауға үлкен ынтамен атсалысты. Бейнероликте елдің музыкалық мұрасын айшықтайтын дәстүрлі қазақ билері мен күйлердің жанды орындалуы көрініс табады.

Бейнероликте ерекше орын алатын туынды – Qazpatent әнұраны. Ол ведомство қызметкерлерінің өз қолымен арнайы жазылып, орындалған. Ән мәтінінен бастап әуені, хореографиясы мен домбырадағы орындауына дейін – барлығы ұжымның шығармашылық күш-жігерімен жасалған. Бұл жоба команда бірлігін, таланты мен кәсіби ынтасын айқын көрсетеді.

Халықаралық зияткерлік меншік күні – тек кәсіби мереке ғана емес, сонымен қатар Qazpatent үшін ұлттық мәдениетке, шығармашылыққа және әрбір қорғалатын зияткерлік еңбек нәтижесінің артында тұрған құндылықтарға деген терең құрметін білдіру мүмкіндігі болып табылады.

Барша әріптестерімізді, серіктестерімізді және зияткерлік меншік жүйесінің өкілдерін осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Шабыт, жаңа жетістіктер мен жарқын идеялар тілейміз!

Бейнероликке сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DI30tA3M6Mq/?igsh=Y25icTV2OXI5dzc1