Ұлттық зияткерлік меншік институты
2025 жылғы 24 сәуірде Алматыда Qazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған "Цифрлық платформалар форматындағы тауар белгілерін құқықтық қорғау" семинары өтті. Іс-шара зияткерлік меншік саласындағы сарапшыларды, бизнес өкілдерін, ғылыми ұйымдарды, заң компанияларын, сондай-ақ кәсіпкерлерді жинады.
Семинарды Qazpatent филиалының директоры Орынбекова Зaуре алғы сөзімен ашып, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында тауар белгілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында тауар белгілерін тіркеудің негізгі аспектілері қарастырылды. Спикерлер тауар белгілерін құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері туралы айтып, практикалық ұсыныстармен бөлісті және өтінім беру кезінде не нәрсеге назар аудару керектігін түсіндірді. Тауар белгілерін халықаралық тіркеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинардың практикалық бөлігі қатысушыларға теориялық білім алуға ғана емес, сонымен қатар сот даулары бойынша нақты жағдайларды зерделеу арқылы оларды іс жүзінде бекітуге мүмкіндік берді.
Шақырылған лекторлардың дәрісі қатысушылардың жеке қызығушылығын тудырды. Kaspi Bank АҚ өкілі брендтерді қорғау және құқық иеленушілермен өзара іс-қимыл жөніндегі маркетплейстердің саясаты туралы айтып берді. Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілі тауар белгілерін қорғау саласындағы құқық қолдану практикасының тәжірибесімен бөлісіп, құқықтардың бұзылуына ден қою жөнінде ұсыныстар берді.
Іс-шара соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті, оның барысында сарапшылар өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, зияткерлік құқықтарды қорғау бойынша ұсыныстармен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Qazpatent филиалы спикерлер мен қатысушыларға белсенді қызығушылық пен сындарлы диалог үшін алғыс білдіреді. Мұндай іс-шараларды өткізу тауар белгілері мен брендтер саласында құқықтық хабардарлықты арттыруға, сондай-ақ оларды қорғаудың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.