Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

ҚР ӘМ-нің Meta өкілдерімен кездесуі өтті

18 сәуір, 2025

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Qazpatent) алаңында Meta компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы, Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің төрағасы Әбдіреева Шолпан Тоқтарқызы, оның орынбасары Кәкен Гүлнәра Қаратайқызы, Qazpatent директоры Ахметов Сабит Мейрамұлы және оның орынбасары Әміреев Ғазиз Сағынұлы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілі қатысты.

Meta тарапынан Орталық Азия және Шри-Ланка бойынша қоғамдық саясат бөлімінің жетекшісі Сенура Абейвардена және серіктес консалтингтік Aretera PA компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және онлайн ортада құқық иеленушілер мен пайдаланушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.