Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазақстанда зияткерлік меншік бойынша ДЗМҰ IV жазғы мектебі басталады!

16 маусым, 2025

Qazpatent Сіздерді 2025 жылғы маусымда Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) IV Жазғы мектебіне қатысуға шақырады!
📍 Орталық Азиядағы жалғыз ДЗМҰ Жазғы мектебі дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent) базасында өткізіледі.
Бұл жоба зияткерлік меншік саласындағы жас мамандар, студенттер, зерттеушілер мен практиктер үшін маңызды оқиғаға айналып, табысты түрде төртінші рет жүзеге асырылуда.

💻📍 Оқыту форматы — гибридті:

Бағдарламаның алғашқы аптасы онлайн форматта өтеді,
Ал екінші аптасы — Qazpatent кеңсесінде, Астана қаласында дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.
Бұл қатысушылардың әртүрлі өңірлерден қосылуына мүмкіндік беріп, практикалық сабақтар, сарапшылармен кездесулер мен экскурсиялар аясында тікелей қарым-қатынас орнатуға жағдай жасайды.

💼 Білім берудің бірегей тәжірибесі:

Бағдарлама зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен коммерцияландырудың негізгі аспектілерін қамтиды — патенттер мен тауар белгілерінен бастап, авторлық құқық, инновациялар, сондай-ақ халықаралық және қазақстандық сарапшылар ұсынатын практикалық кейстер мен кеңестерге дейін.

🌍 ДЗМҰ және жетекші халықаралық ұйымдардың оқытушылары, патенттік сенім білдірілген тұлғалар, бизнес өкілдері, жаңашылдар, ғалымдар мен Qazpatent сарапшылары өз білімдерімен және үздік тәжірибелерімен бөліседі.

🎓 Курсты аяқтаған қатысушыларға ДЗМҰ-ның ресми сертификаты табысталады.

📅 Қашан: 2025 жылғы маусым
📍 Қайда: гибридті формат (онлайн + Астана қ., Qazpatent кеңсесі)
🗂 Жазғы мектептің бағдарламасы кейінірек осы анонста жарияланады.
🔗 Тіркелу және толық ақпарат ДЗМҰ сайтында:
welc.wipo.int/acc/index.jsf?page=wssCatalog.xhtml&lang=ru&cc=WSSKZ_2025