Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті үшін вебинар өткізді

17 наурыз, 2025

17 наурызда Qazpatent Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған «Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, тауар белгілерің тіркеу, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері талқыланды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.