Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының көшпелі отырысы өтті

04 ақпан, 2025

2025 жылғы 4 ақпанда Qazpatent алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «Зияткерлік меншік құқығының өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сарсембаев пен ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар инновацияларды дамыту мен авторлар мен өнертапқыштардың құқықтарын қорғау үшін зияткерлік меншік саласындағы тиімді заңнаманың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мен Qazpatent директоры Сәбит Ахметов зияткерлік меншік саласындағы қазіргі жағдайды баяндап, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.
Талқылау барысында қатысушылар цифрландыру жағдайында зияткерлік меншікті қорғау, осы саладағы құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ патенттер мен авторлық құқықтарды тіркеу және қорғау жүйесін жақсарту бойынша келесі қадамдар мәселелерін қарастырды.
Отырысты іс-шараның модераторы, Сенат депутаты Жанна Асанова қорытындылап, барлық қатысушыларға нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтып, зияткерлік меншік мәселелері бойынша диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, отырыс аясында депутаттар өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, селекциялық жетістіктерге берілген ең қызықты әрі маңызды патенттер, сондай-ақ тіркелген тауар белгілері, географиялық нұсқамалар мен тауар шығарылған жердің атаулары ұсынылған көрмені тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Көрме отандық құқық иеленушілердің Қазақстан экономикасының, технологияларының, ауыл шаруашылығының дамуына және бірегей брендтер мен тауарларды жасауға қосқан елеулі үлесін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.