Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Qаzpatent «Әділет органдарының ашық есік күні» акциясына қатысты

18 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 18 желтоқсанында Qаzpatent, Астана қаласының Әділет департаментімен бірлесіп, Сарыарқа ауданының Халыққа  қызмет көрсету орталығында «Әділет органдарының ашық есік күні» акциясын өткізді.

Аталған акцияға  Qаzpatent өкілдері, Астана қаласы бойынша атқарушы округінің өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының, Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкіметі» Мемлекеттік корпарациясы» КЕ АҚ өкілдері, заң кеңесшілері, сондай-ақ Астана қаласы нотариустары мен адвокаттары қатысты.

Іс шараның негізге мақсаты — елорда тұрғындары мен қонақтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Қызметкерлер зияткершілік меншік құқықтарын қорғау, өтініштер беру және құқықтық мәселелер саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіріп, келіп түскен барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, құқықтық