Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІҢ ДАМУ ДӘУІРІНДЕГІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІҢ РӨЛІ» АТТЫ ҮЗДІК ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

22 қараша, 2024

2024 жылғы 16 қыркүйекте басталған мектеп оқушылары арасындағы жыл сайынғы республикалық үздік эссе байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өскелең ұрпаққа патенттік мәдениет негіздерін үйрету
Байқауға 8-11 сынып жас санатындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқауға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 200-ден астам эссе түсті. Комиссия үздік жұмыстарды іріктеп алды.

Байқау жеңімпаздары жұмыстардың сапасына қойылған келесі критерийлер бойынша анықталды:

- байқау тақырыбына сәйкестігі;
- материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігі;
- авторлық ұстанымның бірегейлігі;
- таңдалған тақырыптың терең ашылуы.

Конкурстық Комиссияның шешімі:

1 орын – Қызылорда қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «Н» сынып оқушысы Мұсабаева Ақнұр;
2 орын – Абай облысы Аягөз ауданы Білім бөліміне қарасты «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің 10 сынып оқушысы Жұмабаева Мақпал;
3 орын – Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының 8 «В» сынып оқушысы Уразалина Наргиз.
Байқау комиссиясы әрбір жұмысты мұқият талдап, идеялардың бірегейлігіне, эссе құрылымына, грамматикалық дұрыстығына және дәлелдердің күштілігіне назар аудара отырып, үздік жұмыстарды іріктеді.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға олардың еңбегі мен шығармашылық көзқарасы үшін алғыс айтамыз!

Сонымен қатар, байқау комиссиясы таңдалған тақырыпты шығармашылық тұрғыда ашқаны үшін келесі қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттау туралы бірауыздан шешім қабылдады:

  1. А. Кекілбаев атындағы Binom мектебінің 11 «М» сынып оқушысы Рауль Тимур;
  2. Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Зейнулла Мадина;
  3. Ақмола облысы Бурабай ауданы Білім бөліміне қарасты Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Цой Александра;
  4. А.Байтұрсынов атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 10 «Ж» сынып оқушысы Асылбаева Адель;
  5. Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының 9 «Ж» сынып оқушысы Максимова Анна;
  6. К.Сәтпаев атындағы Binom мектебінің 9 «К» сынып оқушысы Мұрсалиева Айзере;
  7. Astana Garden School-дың 11 «А» сынып оқушысы Ниязбек Лана;
  8. Ақмола облысы Жақсы ауданы Білім бөліміне қарасты Новокиенка ауылының жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Пинчук Анастасия;
  9. Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының 8 «Е» сынып оқушысы Хайруллин Әли;
  10. Ақмола облысы Бурабай ауданы Білім бөліміне қарасты Урумкай ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Цюрюпа Дарья.