Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Astana IT University үшін вебинар өткізді

21 қараша, 2024

Qazpatent Astana IT University студенттері мен қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде Еуразиялық патенттік Конвенция шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу, Патенттік кооперация туралы Шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.