Ұлттық зияткерлік меншік институты
12 қарашада Qazpatent Қазақ Спорт және Туризм Академиясының студенттеріне және профессор-оқытушылар құрамына «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасында авторлық құқықты тіркеу, Қазақстан Республикасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.