Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

QAZPATENT «Шапағат-2024» Республикалық байқауы жеңімпаздарын құттықтайды!

12 қараша, 2024

2024 жылдың 8 қарашасында «ҰЗМИ» РМК -да «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру және Өнертабыс саласындағы республикалық «Шапағат-2024» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызының төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, «DARА» Президент бастамалар қоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және осы министрлікке қарасты академик Батпенова Н.Д. атындағы ҰҒТОО; «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, ҚР «Атамекен» ҰКП; «QazInnovations» Инновациялық даму ұлттық агенттігі» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен байқау комиссияның отырысы өтті.

Отырыс нәтижесінде байқау комиссиясы мүшелері Жұмашев Қалқаманға «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру туралы шешім қабылдады.

Жұмашев Қалқаман, техника ғылымдарының докторы, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының конденсацияланған қалдықтарды физика-химиялық кешенді пайдалану зертханасының меңгерушісі. (Қарағанды   қаласы). Ғылым саласы: химия, металлургия.

Сондай-ақ, байқау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен «Шапағат-2024» өнертабыс саласындағы республикалық байқаудың келесі жеңімпаздарын анықтады:

«Үздік инновациялық компания» номинациясы бойынша «Қазақстан инжиниринг» ҒЗТКЖ орталығы» ЖШС өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге патенттердің патент иегері болып табылады, сондай-ақ тіркелген тауар белгісі бар (Астана қаласы). Ғылым саласы: әскери-өнеркәсіптік кешен.

«Ең белсенді өнертапқыш» номинациясында – өнертабыстарға 200-ден астам патенттің авторы Клецель Марк Яковлевич (Павлодар қаласы). Ғылым саласы: электр энергетикасы.

«Өнертапқыш әйел» номинациясы бойынша – химия ғылымдарының докторы Мұқанова Меруерт, №36320 «Жас малға арналған премикс» патентінің иегері (Алматы қаласы). Ғылым саласы: Химия, ветеринария.

«Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша докторант Тәжібаев Әділбек Әмірбекұлы, «Шунттік мұнай реакторы» өнертабысқа №36504 өнертабыс патентінің авторы (Шымкент қаласы). Ғылым саласы: электр энергетикасы.  

«Жас дарын» номинациясы бойынша Орал қаласының 10 сынып оқушылары Беркін Нұрымхан, Уашев Тайыр, «AquaAeris» жобасының авторлары. Ғылым саласы: робототехника.

Байқау комиссиясының мүшелері бірауыздан «Қазақстанның инновациялық технологияларын дамыту саласындағы жетістіктері»  үшін дипломмен марапаттауға лайықты деп келесі тұлғаларды атап өтуге шешім қабылдады:

1)   "Fenix Recovery" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2) Талдықорған қаласының № 20 мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Еренталов Ердос;

3)  Талдықорған қаласының № 20 мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Ким Тимур;

4) Орал қаласының НИМ  (ФМБ) 10 класс оқушылары Абилов Алдияр, Дуйсембай Эльнадир;

5) Орал қаласының НИМ (ФМБ) 10 класс оқушылары Туганбаев Демеу, Шамуратов Таир.

Байқауға қатысуға барлығы 101 өтінім келіп түсті. «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын алуға 21 өтінім және «Шапағат-2024» өнертабыс саласындағы республикалық байқауға «Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша қатысуға 17 өтінім, «Өнертапқыш әйел» - 17 өтінім, «Жас өнертапқыш» - 13 өтінім, «Үздік инновациялық компания» - 6 өтінім және «Жас дарын» номинациясы бойынша - 27 өтінім келіп түсті.  

Марапаттау рәсімі 2024 жылдың 6 желтоқсанында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында, Астана қ.,  Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1 мекенжайы бойынша, сағ.17.00-де өтеді.

Барлық Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық жетістік тілейміз!