Ұлттық зияткерлік меншік институты
Qazpatent Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері мен қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасында авторлық құқықты тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Қазақстан Республикасында Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, сондай-ақ Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың Еуразиялық жүйесі мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.