Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent «Ғылым қоры» АҚ - мен бірлескен вебинарлар сериясын өткізді

31 қазан, 2024

2024 жылғы 29-31 қазан аралығында Qazpatent «Ғылым қоры» АҚ-мен грант алушылар мен «Ғылым қоры» АҚ-ның қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік құқық аспектілері» тақырыбында вебинарлар сериясын өткізді.

Вебинарлар шеңберінде зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы, авторлық құқықты тіркеу, тауар белгілерін құқықтық қорғау, Мадрид жүйесі шеңберінде шетелде тауар белгілерін тіркеу, Қазақстан Республикасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация туралы Шартқа сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу және Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, Қазақстан Республикасында және Еуразиялық патенттік Конвенция шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жердiң атауларын құқықтық қорғау, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру,,өнеркәсіптік меншік объектілері және даралау құралдары бойынша мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.