Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясына вебинар өткізілді

23 қазан, 2024

Qazpatent Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының студенттері мен қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасында авторлық құқықты тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Қазақстан Республикасында тауар таңбасын тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру мәселелері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.